Бағдарлама

Бағдарлама

Ведущие

Жүргізушілер туралы мәлімет жақында сайтқа шығады.

Программа

Байқау бағдарламасына 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін өндірілген ойнамалы қысқаметражды, деректі, анимациялық фильмдер іріктеліп алынады. Фестивальге Қазақстан резиденттері қатыса алады.
 

2016 жылы жарыққа шыққан, I Республикалық қысқаметражды кинофестиваліне қатысқан фильмдер биылғы жылы байқау бағдарламасына қатыса алмайды.
 

Байқау бағдарламасына қатысуға бағытталған өтініштер 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап, 27-тамызға дейін тегін қабылданады. Өтініш жіберу үшін Фестивальдің ресми сайтында тұрған онлайн-үлгіні толтырып, барлық материалдарды 2017 жылдың 27-тамызына дейін жіберіп үлгеру керек.
 

Фильмдерді іріктеу комиссиясы таңдап алады. Әділқазылар алқасының құрамы және саны Фестиваль дирекциясымен бекітіліп, белгіленеді. Фестивальдің әділқазы мүшелері байқау бағдарламасына қатысатын фильмдерге, олардың түсіріліміне еш қатысы болмауы тиіс.
 

Егер қатысушы байқау бағдарламасына қажетті материалдарды уақытында өткізбейтін болса, дирекция оны Фестивальге қатысу құқығынан айырады.