«Байқоңыр» туралы бар ақпарат»

«Байқоңыр» туралы бар ақпарат»

Фестиваль туралы

Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі – Қазақстанда көшірмесі жоқ ерекше мәдени іс-шара. «Байқоңыр» - бұл еліміздегі жас кинематографтардың жұмысымен танысу. Шара фестиваль қатысушыларының шығармашылық «шарықтауына» арналған негізгі алаңқай болуға және Қазақстан киносында жаңа есімдерді ашуға бағытталған. Фестивальдің міндеті – қысқаметражды жаңа киноларды қазақстандықтар арасында кеңінен таныту. 

I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі (әрі қарай - Фестиваль) жас кинематографистерді қолдау және Қазақстан киноөндірісін дамыту мақсатында құрылған.

Фестивальдің ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі Алматы қаласында (Қазақстан) 2017 жылдың 15 маусымдағы 5 қыркүйегінде өтеді. Фестиваль бағдарламасы байқау және байқаудан тыс бағдарламаларынан тұрады.

Байқау бағдарламасының қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтайды:
«Гран-при»
«Үздік режиссер»
«Үздік оператор»
«Үздік қоюшы-суретші»
«Үздік сценарий»
«Үздік тəжірибелік фильм»
«Үздік деректі фильм»
«Үздік анимациялық фильм»
«Үздік актер»
«Үздік актриса»
«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі»

Әр санат бойынша бір ғана фильм жеңімпаз бола алады.
Әр қатысушы екі номинация бойынша ғана жеңімпаз атана алады.

Байқаудан тыс бағдарламаға жас режиссерлер мен отандық кинематограф мэтрлерінің ойнамалы қысқаметражды, деректі, анимациялық фильмдері қатыса алады. 

Байқаудан тыс бағдарламаға бағытталған өтініштер 2017 жылдың 15-маусым бастап, 10-тамызға дейін тегін қабылданады. Өтініш жіберу үшін Фестивальдің ресми сайтында тұрған онлайн-үлгіні толтырып, барлық материалдарды 2017 жылдың 10-тамызына дейін жіберіп үлгеру керек.

Фестиваль дирекциясы байқаудан тыс бағдарламасына өзгерістер мен түзетулер енгізуге құқылы.

Өткенге шолу жасау

«Байқоңыр» тарихы

Фестиваль тобы

  • Әнуар Кенжибаев

    Фестиваль директоры

  • Жасар Ниеталин

    Тех.қолдау

  • Гүлнар Әбікеева

    Фестиваль кеңесшісі

  • Инна Смаилова

    Фестиваль кеңесшісі

  • Абылай Қуанышбеков

    Заңгер

  • Әйгерім Қасқыр

    Журналист

  • Айдана Мамаева

    Баспасөз хатшысы

  • Роман Надеин

    Rocket Firm
    жобасының жетекшісі

«Бродвей» — фестивальдің бас ұйымдастырушысы